Білім беру бағдарламалары
6B01507 - Информатика және робототехника
B011 Информатика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.
Кіріспе
2022 жыл - 14 орын
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ жаратылыстану–математика факультетінің физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасы даярлықты жүзеге асыратын "6В01507 Информатика және робототехника" білім беру бағдарламасы, аймақтық еңбек нарығы мұқтаждығын, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары талаптарын есепке ала отырып әзірленді және білім беру процесін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесі болып табылады.
Бағдарлама орта білім беру мекемелерінде информатика және робототехника мұғалімі ретінде білім беру қызметіне дайын, білім беру саласындағы білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін, жетістіктерін зерттеуге дайын, білім беру стандарттары талаптарына сәйкес білім беру саласында оқыту және тәрбие беруге, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін және информатика және робототехника пәнінің ерекшеліктерін көрсететін технологияларды пайдалануға, инженерлік және конструкторлық ойлауға ие білім алушыларды үйрету және тәрбиелеу, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру ортасын қалыптастыру, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану, ғылым мен білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін тұжырымдау және шешуді жүзеге асыру, сонымен қатар кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін пайдалануға дайын білім бакалаврларын даярлауға бағытталған.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
3 жыл
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
3 жыл
Мақсаты
Кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау: білім беруді цифрландыру және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, информатика және робототехника саласында оқытуды ұйымдастыру.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік«6В01507 Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміПедагог. Орта мектеп мұғалімі
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6 (ішкідеңгей 6.1 )
-
Кәсіби қызмет саласыБілім беру саласы
-
Кәсіби қызмет нысаныПедагогикалық процесс
-
Кәсіби қызмет түрлері-әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмірі мен қызметі және тәрбиесі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету; - оқу-тәрбиелік – оқушылардың білім беру процесін жобалау және басқару, заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жағдайларында ынталандыру, диагностикалық, коррекциялық, коммуникативтік жұмысты орындау; - ғылыми-зерттеу – білім беруді ақпараттандыру, информатика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу; экспериментальды зерттеу жүргізу және нәтижелерді өңдеу; - ұйымдастырушы-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату; - мәдени-тәрбиелік – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттандыру, білім берудегі мультимедиа, бағдарламаларды әзірлеу, ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық мәдениет саласында ағартушылық жұмыстың әдістемесі мен технологиялары саласында оқушы жастармен мәдени-бос уақытын ұйымдастыру;