Білім беру бағдарламалары
6B01501 - Математика
B009 Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2023 жыл - 3 орын 2024 жыл - 1 орын «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Жаратылыстану-математика факультетінің физика-математика ғылымдары мен информатика кафедрасы 6В01501-Математика білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады. Математика мұғалімдерін даярлау жөніндегі ББ 1934 жылдан бастап жұмыс істейді. ББ жұмыс істеген кезеңде 4604-ке жуық математик мұғалімді шығарды. Білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде бітіруші келесі құзыреттерге ие болуы керек: жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық білімге иелік етуі, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасының мазмұнын білуі, оқу жоспарларына сәйкес бағдарламаның тақырыптары мен бөлімдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру және өткізу әдіс-тәсілін білу.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
Мақсаты
Математиканы оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген, мәселелерді жоғары ғылыми-практикалық және техникалық тұрғыда шығармашылық және кәсіби деңгейде шеше алатын, жоғары дәрежелі жұмыс жүргізу үшін дайындалған, заманауи формациялы кәсіби бәсекеге қабілетті математика мұғалімін дайындау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6В01501 Математика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Педагог. Орта мектеп мұғалімі Колледждердің және басқа да техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері (өндірістік оқыту шеберлерінен басқа) Қосымша білім беру педагогтары
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    - математика пәнінің мұғалімі - ғылыми-зерттеу мекемелері; - орта мектептер мен орта кәсіптік оқу орындары; - мемлекеттік басқару органдары; - өз жұмысында математика әдістерін қолданатын әртүрлі меншік нысандарын ұйымдастыру; - мемлекеттік бейіндегі кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. - бизнес, экономика қажет. - білім беру ұйымдарындағы лауазымды тұлғалар (жалпы білім беретін оқу орнының директоры , директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және т. б.); - білім беру ұйымдарында әдіскер; - педагогика ғылымдары саласындағы маман; ғылыми-зерттеу мекемелерінде
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - ғылыми-зерттеу мекемелері; - орта мектептер және орта кәсіптік оқу мекемелері; - білім беру мекемелерінің мемлекеттік органдары; - математиканы оқыту әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік ұйымдар.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - математика оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; - педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру; - жалпы білім беретін ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызметті енгізу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық; - әлеуметтік-педагогикалық; - оқу-тәрбиелік.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.

2 Модуль. Кадрларды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Болашақ математика мұғалімі жаңартылған білім мазмұны жағдайында кәсіби педагогикалық қызмет үшін қажетті психолого-педагогикалық және әдістемелік білім жүйесін меңгереді. Ол қазіргі білім беру технологияларын, критерийлік бағалау әдістерін қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін, жеке қасиеттерін және психологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар инклюзивті білім беру жағдайларын ескере отырып, математика пәні бойынша оқу процесін жобалап, жүзеге асыра алады. Білім алушы педагогикалық тәжірибеге, оқытудағы креативті тәсілге және оқушыларда математикаға тұрақты мотивация қалыптастыруға дайын екенін көрсетеді.

3 Модуль. Дайындықтың фундаментальды деңгейі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Математика мұғалімі ББ бойынша оқитын студент қазіргі заманғы математикадағы негізгі бөлімдер бойынша терең білім алады, оның ішінде математикалық талдау, алгебра, сандар теориясы, аналитикалық геометрия, сызықтық алгебра және элементарлық математика негіздері бар. Ол осы білімді әртүрлі салалардағы практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін пайдалана алады, алынған нәтижелерді талдап, интерпретациялай біледі, математикалық модельдер құрады, негізді болжамдар жасайды және қорытындылар шығарады. Оқу барысында кәсіби математикалық ойлау, логикалық пайымдау және дәлелдеу дағдылары қалыптасады, бұл мектепте математика оқытудың әдістемелерін одан әрі меңгеру үшін негіз болып табылады.

4 Модуль. Теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

«Математика мұғалімі» ББ бойынша оқитын студент күрделі теориялық және әдістемелік мәселелерді талдау және шешу бойынша құзыреттерге ие болады. Ол білім беру бағдарламасының жаңартылған мазмұнына сәйкес қазіргі заманғы педагогикалық әдістерді, тәсілдер мен технологияларды меңгереді. Білім алушы оқу процесін пәнаралық байланыстарды, логикалық ойлаудың принциптерін және оқу материалдарын әртүрлі формада ұсынуды ескере отырып жоспарлап, жүзеге асыра алады.

5 Модуль. Зерттеу

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модульді меңгеру барысында болашақ математика мұғалімі классикалық және қолданбалы математика саласында жеке және топтық зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Студент статистикалық, сандық және логико-алгебралық әдістерді пайдалана отырып, кешенді тапсырмаларды талдау және шешу әдістерін игереді. Математикалық дәлелдерді дұрыс құрастыру, гипотезалар формулировкасы және түрлі деңгейдегі, соның ішінде стандартты емес және олимпиадалық есептерді шешу алгоритмдерін әзірлеу қабілеті дамиды. Нәтижелерді интерпретациялау, зерттеу ойлауын қалыптастыру, проблемалық мәселелерді анықтау және теориялық білімді практикада қолдану ерекше назарда болады.

6 Модуль. Қосымша құзыреттер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Болашақ математика мұғалімі цифрлық дәуірде педагогикалық қызметті тиімді жүргізуге қажетті қосымша кәсіби құзыреттерге ие болады. Бұл модуль аясында студент белсенді оқыту әдістерін, STEAM тәсілдерін, білім беру робототехникасының принциптерін және заманауи цифрлық құралдар мен мультимедиялық технологияларды меңгереді. Атап айтқанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану және жасанды интеллект (ЖИ) элементтерін білім беру үдерісіне енгізу ерекше назар аударылады – соның ішінде интерактивті контент жасау, оқыту персонализациясы, оқу деректерін талдау және оқытудың тиімділігін арттыру. Студенттер ЖИ құралдарын оқу практикасына интеграциялау қабілетін дамытып, бірсарынды процестерді автоматтандыруға, тапсырмаларды оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге, сондай-ақ зерттеу және жобалау қызметін қолдауға үйренеді.