Білім беру бағдарламалары
6B01502 - Математика-Информатика
B009 Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.
Кіріспе
Білім беру бағдарламасы білім алушыларды қабылдауды тоқтатуға және/немесе бітірушілердің болмауына байланысты Атамекен-2023 рейтингіне қатысқан жоқ
КеАҚ "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің" жаратылыстану - математика факультетінің физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасы 6В01502 - «Математика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады. Математика және информатика мұғалімдерін даярлау бойынша білім беру бағдарламасы 2019 жылдан бастап жұмыс істейді.
6В01502 - «Математика-Информатика» білім беру бағдарламасының түлектері алынған дағдыларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық есептеу техникаларын, коммуникациялық желілер мен жүйелерді пайдалануда және математикалық есептерді жүргізуге байланысты кез келген жұмыста қолданады. Алынған дағдыларды студент аналитикалық, ғылыми, жобалық, зерттеу және технологиялық салаларда қолдана алады. Сондай-ақ аталған мамандық бойынша білім алған бітірушілер республиканың аз қоныстанған өңірлеріндегі шағын жинақты мектептерде де сұранысқа ие.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
Мақсаты
Математика мен информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі саласында кәсіби құзыреттілікке ие, заманауи ақпараттық технологияларды жоғары деңгейде қолдана алатын, теориялық білім, практикалық білік пен дағдыларды меңгерген бәсекеге қабілетті маман даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
-
Берілетін дәреже / біліктілік6В01502-Математика-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміПедагог. Орта мектеп мұғалімі
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласы- математика және информатика мұғалімі; - ғылыми-зерттеу мекемелері; - орта мектептер және орта кәсіптік оқу мекемелері; - мемлекеттік басқару органдары; - математика және информатика әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік ұйымдар; - мемлекеттік бейіндегі кәсіпорындар мен мекемелер; - бизнес, экономика. - білімберуұйымдарындағылауазымдытұлғалар (жалпы білім беретін оқу мекемесінің директоры,оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары, т.с.с.) - білім беру ұйымдарындағы әдіскер; - педагогикалық ғылымдар саласының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің маманы.
-
Кәсіби қызмет нысаны- ғылыми-зерттеу мекемелері; - орта мектептер және орта кәсіптік оқу мекемелері; - білім беру мекемелерінің мемлекеттік органдары; - математика және информатиканы оқыту әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік ұйымдар.
-
Кәсіби қызмет түрлері- математика және информатиканы оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; - педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру; - жалпы білім беретін ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызметті енгізу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық; - әлеуметтік-педагогикалық; - оқу-тәрбиелік.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 Модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
2 Модуль. Кадрларды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлау
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
3 Модуль. Дайындықтың фундаментальды деңгейі
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
4 Модуль. Теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
5 модуль. Информатика және робототехника негіздері
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
6 Модуль. Зерттеу
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Қорытынды аттестаттау
Модуль бойынша оқыту нәтижелері: