Білім беру бағдарламалары
6B01521 - Математика-Информатика
B009 Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
Білім беру бағдарламасы Атамекен-2024 рейтинг нәтижесі 4/11 орынды көрсетті. КеАҚ "Шәкәрім университетінің" Физика-математика ғылымдары жоғары мектебінің Математика кафедрасы 6В01521-«Математика-Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады. 6В01521-«Математика-Информатика» білім беру бағдарламасының түлектері жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында математика және информатика пәндерінің мұғалімі ретінде кәсіби қызмет атқара алады. Бағдарлама мазмұны білім алушыларға педагогикалық, математикалық және ақпараттық технологиялық білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Түлектер алған құзыреттерін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау және пайдалану, ақпараттық-есептеу техникаларын қолдану, коммуникациялық желілер мен жүйелермен жұмыс істеу, сонымен қатар математикалық модельдеу және талдау жүргізу барысында тиімді қолдана алады. Олар аналитикалық, ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық, педагогикалық және технологиялық қызмет салаларында табысты жұмыс істей алады. 6В01521-«Математика-Информатика» ББ игерген түлектер еліміздің шалғай және аз қоныстанған аймақтарындағы шағын жинақты мектептерде әмбебап маман ретінде сұранысқа ие. Бұл түлектер бірнеше пәннен сабақ беріп, мектептің білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қоса алады. Олар цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу, қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу және білім беру жүйесін цифрландыру бойынша да қызмет атқара алады.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 265 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 300 кредит.
4 жыл
Мақсаты
Математика мен информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында кәсіби құзыреттілікке ие, заманауи ақпараттық технологияларды жоғары деңгейде қолдана алатын, терең теориялық білімі, практикалық дағдысы мен іскерлігі бар бәсекеге қабілетті маманды даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6В01521-Математика-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Педагог. Орта мектеп мұғалімі
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    - математика және информатика мұғалімі; - ғылыми-зерттеу мекемелері; - орта мектептер және орта кәсіптік оқу мекемелері; - мемлекеттік басқару органдары; - математика және информатика әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік ұйымдар; - мемлекеттік бейіндегі кәсіпорындар мен мекемелер; - бизнес, экономика. - білімберуұйымдарындағылауазымдытұлғалар (жалпы білім беретін оқу мекемесінің директоры,оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары, т.с.с.) - білім беру ұйымдарындағы әдіскер; - педагогикалық ғылымдар саласының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің маманы.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - ғылыми-зерттеу мекемелері; - орта мектептер және орта кәсіптік оқу мекемелері; - білім беру мекемелерінің мемлекеттік органдары; - математика және информатиканы оқыту әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік ұйымдар.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - математика және информатиканы оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; - педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру; - жалпы білім беретін ұйымдарда ғылыми-педагогикалық қызметті енгізу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық; - әлеуметтік-педагогикалық; - оқу-тәрбиелік.