• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
announcement

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін студенттерді қабылдау жарияланады

2022-05-22

2022-2023 оқу жылының 1-семестріне арналған ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін студенттерді қабылдау жарияланады.

Барлық ниет білдірген студенттер келесі құжаттарды дайындауы керек:

  1. 1. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кететін білім алушының өтініші (1-қосымша);
  2. 2. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу туралы келісім (2-қосымша);
  3. 3. Университет формасына сәйкес оқу туралы Транскрипт Ф 042-1.27- 2020 (doc.semgu.kz арқылы беріледі);
  4. 4. Кафедра меңгерушісі мен хатшының қолдары қойылған кафедра отырысы шешімінің хаттамасы;
  5. 5. Кафедраның ұсыныс хаттары;
  6. 6. Студент, жіберуші және қабылдаушы ЖОО арасындағы үш жақты келісім-шарт (ЖОО белгіленген формасы бойынша) (оқу-әдістемелік бөлім рәсімдейді);
  7. 7. Қабылдаушы ЖОО-да оқытылатын пәндер мен кредиттер саны көрсетілген жеке оқу жоспары (ЖОЖ);
  8. 8. Жеке куәлік көшірмесі;
  9. 9. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберуге үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (қолдан толтырылған түпнұсқа);
  10. 10. Фото 3*4.

* Барлық құжаттар 3 данада беріледі (1 дана – жіберуші ЖОО, 2 дана – қабылдаушы ЖОО, 3 дана – кафедраға)

Барлық сұрақтар бойынша кафедрадағы академиялық ұтқырлық бойынша координатор Т.М. Сембаевқа (+77028633387) хабарласуларыңызға болады.