ЖОО мен мектеп ынтымақтастығы
ЖОО-мектеп ынтымақтастығы аясында жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасында 2022-2023 оқу жылының қыркүйегінен бастап кафедра доценті, биология ғылымдарының кандидаты А.Н. Нүрекенова "Білім-инновация лицейі" КММ 7-11 сынып оқушыларын химия пәнінен олимпиаданың практикалық турына дайындауда. Дайындық барысында студенттер иондарды тану, заттардың құрамын анықтаудың титриметриялық әдістері сияқты сапалық және сандық талдау әдістерін игерді. Оқушылар 13.02.2023 ж. өткен 9-11 сынып оқушылары арасында химия бойынша республикалық конкурстың облыстық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды:
1 орын (алтын): Қантаев Рамазан, 11 сынып, Акрамов Асланбек, 10 сынып, Увалиев Әділжан, 9 сынып.
3 орын (қола): Дастанұлы Азиз, 9 сынып, Алымуддин Әбубәкір, 9 сынып, Тұрсынбек Жандос, 10 сынып.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз және байқаудың республикалық кезеңінде табыс тілейміз!!!