• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Қош келдіңіздер студенттер

2023-10-16 | Жаңалықтар

Студенттік өмір адамзаттың ең әдемі де ұмытылмас сәттерінің бірі. Ал соның ішінде, жоғары оқу орнының табалдырығын аттап, студенттік қатарға қабылдану  рәсімі әрбір 1 курс студенттеріне қуаныш сыйлайтын мереке.

Жылдағы дәстүр бойынша  22.09.2023 сағат 14:00-де Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының жоғарғы курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Welcome ice cream» атты  бірінші курс студенттерін қабылдап алу кеші өткізілді.

Мерекелік шарада студенттер университет пен ел игілігі үшін бетке ұстар азамат болуға, оның абыройын асқақтатуға, бәсекеге қабілетті маман болуға ант берді.Сонымен қатар бұл аталмыш іс-шарада әртүрлі ойындар ұйымдастырылып,би мен әнде шырқалды.Студенттер бұл кештен ерекше әсер алды.

«Талапты жастарға білім нәрімен сусындап, елдік пен ерліктің жасампаздық пен еңбектенуге, Елбасының ертеңге деген үмітін ақтауға, Егемен елімізді бейбіт өмірдің биігіне бастау» жолындағы қадамдарына «Сәтті болсын талабың, құтты болсын қадамың!» дегіміз келеді.

Бөлісу