• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Еңбек бәрін де жеңбек»

2023-10-16 | Жаңалықтар

Қырқүйек айының 24-жұлдызы ГИ-101 тобы «Еңбек бәрін де жеңбек» атты топ сағатын өткізді. 
  Топ сағаты барысында, еңбекке баулу, әр саланың өзіндік бейнеті мен зейнеті туралы студенттер ортаға шығып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. 
   Еңбек адамның  ең маңызды табиғи жетістігі, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, яғни тамақтануға, тұрғын үй  иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге , өнерге және тағы басқа осы секілді өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандырады.
  Топ сағатында студенттер топқа бөлініп,еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерді айтып өзара сайысқа түсті. Сондай-ақ, ой еңбегі мен дене еңбегін ажырату мақсатында өз ойларымен бөлісті.

Бөлісу