• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар

2023-10-26 | Жаңалықтар

 

2023 жылдың  26 қазанда жаратылыстану математика факультетінің   жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының базасында 6В01512 «География- тарих» білім беру бағдарламасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыс негізінде «Өрлеу» БАҰО АҚ бірігіп мектеп мұғалімдеріне  арналған «География мұғалімінің уақытын үнемдеуші ретіндегі интерактивті технологиялар» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 

Семинар жұмысына Семей  қаласы  және ауыл  мектептерінен (Бородулиха, Үржар, Жарма, Ақсуат аудандары  және т.б.) 20 дан аса  география  мұғалімдері қатысты.  Семинарда қазіргі  таңдағы  педагогикалық кадрларды  дайындаудың  өзекті мәселелері,  интерактивті технологияларды қолдану мүмкіндігі, ЖОО мен мектеп білім алушыларының құзырлықтарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылды. 

Бөлісу