• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Матрица"

2023-11-15 | Жаңалықтар

Білім алушылардың гендердің құрылымы мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, генетиканың теориялық және қолданбалы мәселелерін зерделеу және генетика және молекулалық биология бойынша есептерді шешу дағдыларын дамыту мақсатында жаратылыстану пәндері кафедрасында аға оқытушы, а/ш.ғ. к., Р. А. Садықованың жетекшілігімен "Матрица" студенттік ғылыми үйірмесінің салтанатты ашылуы және бірінші отырысы өтті. Үйірме отырысында студенттер үйірме атауының мағынасын ашып, үйірме атауын талқылау және таңдау және эмблеманы әзірлеу бойынша алдын ала ұжымдық жұмыстың нәтижесі болып табылатын эмблеманы таныстырды. Үйірменің барлық мүшелеріне "Матрица" үйірмесінің эмблемасы бар төсбелгілер табысталды. Отырыс барысында жетекші студенттерді үйірме құру мақсатымен және жұмыс жоспарымен таныстырды. Студенттер Drosophila melanogaster жеміс шыбындарының мутациялық сызықтарының генетикасы мен фенотиптік сипаттамалары бойынша тәжірибелерді қою үшін қоректік ортаны дайындау әдістемесі бойынша өз жұмыстарын қызығушылықпен таныстырды. Сондай-ақ студенттер Drosophila melanogaster үшін қорек ортасын дайындау әдістемесін көрсетті және жетекші әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында молекулалық биология және генетика бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде Normal, White, Yellow, Cut, Vermillion, Bar, Vestigial, Cinnabar және Ebony атты Drosophila melanogaster жеміс шыбындарының мутациялық сызықтарының фотосуреттерімен бөлісті. Отырыс соңында 6В01510-Биология ББ 4 курс студенттері "Матрица" ғылыми үйірмесінің интеллектуалды өсуі мен дамуын тілей отырып, 3 курс студенттеріне қызыл таспаны символдық түрде табыстады.

Бөлісу