• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

“Табысты түлекпен кездесу”

2023-11-08 | Жаңалықтар

8 қараша күні, жаратылыстану-математика факультеті ХБ-101, Б-301, ХБ-301, ХБ-201 топ студенттеріне МБЕ-201 тобы, биология мамандығының 2 курс магистранттары ұйымдастыруымен “Табысты түлекпен кездесу” атты дөңгелек үстел өткізілді. 
Дөңгелек үстел университетіміздің түлегі, табысты ұстаз, Абай облысы білім басқармасы «облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ, инновациялық білім беру бөлімінің басшысы-Төлеубаева Гаухар Төлеубайқызы қатысуымен өтті. 
Іс-шара барысында Гаухар Төлеубайқызы іс-тәжірибесімен бөлісіп, ұстаз жолының қиындықтары, оларды қалай жеңуге болатындығы туралы ақпаратпен бөлісті. Студенттер сұрақтарын қойып, ашық сұхбат жүргізілді.

Бөлісу