• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

"Танымал генетика. Қан топтарының генетикасы және Rh факторы"

2023-12-04 | Жаңалықтар

04.12.2023 ж. жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы, а/ш.ғ. к. Р. А. Садықова университеттің жас оқытушыларына "Танымал генетика. Қан топтарының генетикасы және Rh факторы"тақырыбына мастер-класс өткізді. Мастер-класс барысында жеке, жұптық және топтық жұмыс, рөлдік ойындар мен конкурстар арқылы оқытудың белсенді әдістерін қолдану әдістемесі көрсетілді. Теориялық материалды игеру тыңдаушыларға әке болуды анықтау және перзентханада медициналық қателікпен шатастырылған жаңа туған балалардың биологиялық ата-аналарын анықтау үшін "сот ісін" тыңдау кезінде көмектесті. Айыптаушылардың, айыпталушылардың және сот мүшелерінің рөлдері тыңдаушылар арасында бөлінді. Ата-аналар мен балалардың қан топтары арқылы туыстық қатынастар анықталып, сот шешімі шығарылды. Сондай-ақ, тыңдаушылар кроссворд шешуге және тұқым қуалаушылық пен қан тақырыбындағы мақал-мәтелдерді білуге арналған конкурсқа белсенді қатысты. Мастер-класс ұйымдастыруға және өткізуге "Матрица"студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері де қатысты. Соңында психологиялық тест негізінде мастер-класс қатысушылары Шәкәрім университетіндегі факультеттердің бірлігін бейнелейтін таңдалған геометриялық фигуралардан ортақ үй салу түрінде кері байланыс берді.

Бөлісу