“Бар-өмірді бағала”
2023-12-08 | Жаңалықтар
08.12.2023 ж. куратор Сапакова А.К. басқаруымен, ХБ-301 және ХБ-303 топтарының ұйымдастыруымен “Бар-өмірді бағала” атты іс шара кафедра студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің өмірге деген құштарлығын , қызығушылығын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге , өмірді бағалай білуге тәрбиелеу, өмірден өз орындарын таба біліп , айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету. Студенттер логикалық ойлау және ұшқырлығын сынау мақсатында ойындар мен мақал-мәтел жарысы барысында бақтарын сынады.