• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Ашық есік күні

2023-10-16 | Жаңалықтар

2023 жылдың наурыз айының 1 жұлдызында  Шәкәрім университетінің жаратылыстану- математика факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік күні» іс шара аясында жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасына қаланың әр мектептерінен 11-сынып оқушылары келіп қатысты.  

Іс-шара жоспарға сәйкес факультеттің әр мамандықтар көрмесінен басталып, концерттік бағдарламаға жалғасты. Концерттік бағдарламада факультет деканы Ж.Т. Мукаев сөз сөйлеп факультеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырып өтті. Оқушылар ары қарай өздерінің таңдау пәндеріне сәйкес аудиторияларға бөлініп, университеттің материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттермен пікір алмасты. 

Білім беру бағдалармаларына сәйкес  мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты тәжірибелер көрсетіліп, интеллектуалды ойындар ойнатылды.

Бөлісу