• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Кафедра филиалымен жұмыс «Білім сағаты»

2023-03-30 | Жаңалықтар

Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасы профессор-оқытушылар мен студенттері Абай облысы білім басқармасының  Семей қаласы  білім бөлімінің «№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында: оқушыларға математика, физика, информатика пәндері бойынша есептерді шығаруда әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсету, оқыту мен оқу сапасын жақсарту, студенттердің тәлімгерлік жұмыстарын жетілдіру, мектеп пен ЖОО арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ету мақсатында «Білім сағатын» өткізді.

Білім сағатын мектеп директоры Г.Т. Токтубаева мен кафедра меңгерушісі Д.М.Оспанова алғысөзбен бастады. Іс-шара аясында мектепке ПОҚ еңбектер жинағы кітаптары сыйға тартылды.

6В01501- математика, 6В01502- математика-информатика, 6В01503 - математика-физика білім бағдарламасының ІІІ курс студенттері білімдерін практикада көрсете алды.

Үш сағатқа жуық созылған кездесу соңында оқушылармен кері байланыс орнатылып, ашық диалог жүргізілді. Оқушылар іс-шара бойынша оң пікірлерін білдіріп, болашақ ұстаздарға сәттілік тіледі.

Білім сағатын ұйымдастырушылар: аға оқытушы Тайболдина Қ.Р. мен математика пәнінің мұғалімі Берікканов Р.Е.

Бөлісу