![news](https://gspms.faculty.shakarim.kz/storage/uploads/news/z4DFj0HzTAAGIUftgqxN1tZxjfoXPazQA1ei0CnQ.jpg)
Ашық сабақ "Химиялық қоғам"
2023-10-16 | Жаңалықтар
2023 жылы 11 қазанда А.К. Сапакованың жетекшілігімен және 7М01504 - "Химия" ББ 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен "Химиялық қоғам" СҒҚ отырысы «Химиялық симфония: Химияны оқыту әдістемесіндегі үйлесімділік (гармония)» тақырыбында семинар түрінде өтті. Отырысқа ХБ-001, Х-001 тобының 4 курс және ХБ-301,303 тобының 1 курс студенттері қатысты. Семинар барысында "Химиялық қоғам" СҒҚ мақсаттары мен міндеттері айтылып, алдағы іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, викторина өткізілді. Студенттер викторинаға белсенді қатысып, өздерінің эрудицияларын көрсетті.